Жұмыртқа - қысқа әңгіме | Kurzgesagt

🎁Amazon Prime 📖Kindle Unlimited 🎧Audible Plus 🎵Amazon Music Unlimited 🌿iHerb 💰Binance

Видео

Транскрипт

Сен үйіңе келе жатқан кезде қайтыс болдың.

Көлік апатынан.

Айтарлықтай ештеңе болмаса да,

… бәрібір өлімге әкелді.

Бұл ауыртпалықсыз өлім болды.

Дәрігерлер сені құтқаруға бар күштерін салғанымен

… ешқандай нәтиже болмады.

Сенің денеңнің зақымданғаны соншалық,

… кеткенің өзіңе жақсырақ болды, маған сенсең болады.

Және сол сәтте сен мені кездестірдің.

“Не болды?”

“Мен қайдамын?”

Мен ештеңе болмағандай: “Сен өлдің,” - дедім

Сөзді бұрмалаудың қажеті жоқ.

“Анда… жүк көлігі болды…

… және ол сырғанап жатты.”

“Иә.”

“Мен…”

“Мен… өлдім бе?”

“Иә.”

“Бірақ бұл туралы күйінбе.”

“Ақыр аяғында бәрі өледі.”

Сен айналаңа қарадың.

Айналаңда ештеңе болмады.

Тек сен және мен.

“Бұл қандай жер?”

“Ақырет пе?”

“Иә әрі жоқ.”

“Ал сен-Құдайсың ба?”

“Иә, мен-Құдаймын.”

“Ал балаларым, әйелім ше…”

“Оларға не болады?”

“Бәрі жақсы болады ма?”

“Мен осындайды ұнатамын,” - дедім мен,

“Сен жаңа ғана қайтыс болсаң да, ең басты алаңдағаның- отбасың.

Бұл өте жақсы.»

Сен маған қызыға қарадың.

Сен үшін мен Құдайға ұқсамадым.

Мен жай еркек немесе, мүмкін, әйел секілді көріндім.

Бір биліктің бұлыңғыр тұлғасы секілді, бәлкім.

“Уайымдама,” - дедім мен, - “Oлармен бәрі жақсы болады.”

“Сенің балаларың сені керемет адам ретінде еске алатын болады.

Олар сені жек көріп үлгермеді.

Сенің әйелің жылайды,

… бірақ ішінен жеңілдік сезінеді.

Шындығында, сенің некең бұзылып жатты.

Егер бұл сені жұбатса,

… ол осы жеңілдік сезімі үшін өзін өте кінәлі сезінетін болады.”

“Охх…

Сонда енді не болады?

Мен жұмаққа немесе тозаққа барамын ба?”

“Жоқ, сен қайта өмірге келесің.”

“Ааа,

…сонда Хиндилардың айтқаны дұрыс болған ғой.”

“Барлық діндер өз бетінше дұрыс.

Менімен бірге жүр.»

Сен менімен бірге бос кеңістік ішімен жүре бердің.

“Біз қайда бара жатырмыз?”

“Нақты еш жерге.

Әңгіме барысында серуендеуді ұнатамын.”

“Сонымен, мұның мәні неде?

Мен қайта туылғанда,

… мен жай ғана ақ парақ боламын ба?

Нәресте.

Сонымен, менің барлық өмірлік тәжірибелерім және басқасы,

… бұл өмірде менің жасағанымның бәрі маңызды болмай ма?”

“Олай емес.

Сенің бойыңда сенің өткен өмірлеріңнің барлық тәжірибесі мен білімі бар.

Олар дәл қазір сенің есіңде емес.”

Мен тоқтап, сенің иығыңнан ұстадым да,

“Сенің рухың сен ойлағаннан әлдеқайда керемет, әдемі әрі үлкен.

Адамның ақыл-ойы сенің нағыз мәніңнің тек қана кішкене бөлігін қамти алады.

Бұл судың ыстық немесе суық екеніне көз жеткізу үшін саусағыңды стақанға батырғанға ұқсайды.

Сен өзіңнің кішкене бөлігіңді ғана осы ыдысқа саласың,

… сосын оны шығарған кезде,

… сен оның барлық тәжірибелерін жинап аласың.

Сен соңғы 48 жыл ішінде адам кейпінде болдың,

… сондықтан сен әлі өз қалпыңа келіп үлгермедің және өзіңнің ұлы санаңды сезіне алмай тұрсың.

Егер біз осында ұзақ уақыт болсақ,

сен бәрін еске түсірер едің.

Бірақ мұны әрбір өмірдің арасында жасаудың қажеті жоқ.”

“Мен қанша рет қайта өмірге келдім?”

“Көп.

Тым көп.

Сен әр түрлі өмірлерді сүрдің.

Бұл жолы,

… б.з.д. 540 жылы өмір сүрген қытай шаруа қызы боласың.”

“Күте тұр, қалай сонда?

Сен мені артқа қарай жібергелі отырсың ба?”

“Тек техникалық жағынан.

Сен білетін Уақыт тек сенің ғаламыңда бар.

Мен жақта бәрі басқаша.”

“Сен… сен қайдан келдің?”

“Мен басқа жерден, басқа ғаламнан келдім.

Мен сияқты басқалар да бар.

Сенің ол жердің қандай екенін білгің келетінін білемін,

… бірақ, шын мәнінде, сен түсіне алмас едің.”

“О-о…” - дедің сәл қысылып.

“Бірақ күте тұр.

Егер мен басқа уақыттарға қайта оралсам,

… мен өз-өзіммен кездесуім мүмкін ғой.”

“Әрине, бұл әрқашан болып тұрады.

Екі өміріңде де тек өз өміріңді сүріп жатқандықтан,

… сен тіпті оны байқамайсың да.”

“Сонымен, мұның мәні неде?”

Мен сенің көзіңе қарап:

“Өмірдің мәні,

менің бүкіл ғаламды жаратуымның себебі

… сенің жетілуің үшін.”

“Сен адамзат дегің келді ме? Біздің жетілгенімізді қалайсың ба?”

“Жоқ, тек сен.

Мен бүкіл ғаламды сен үшін жараттым.

Әрбір жаңа өмірде сен өсесің, жетілесің,

… және үлкенірек әрі ұлырақ интеллектіге айналасың.”

“Мен ғана ма?

Басқалары ше?”

“Басқа ешкім жоқ.

Бұл ғаламда сен және мен ғана бармыз.”

Сен маған қарап қалдың.

“Бірақ жер бетіндегі барлық адамдар?”

“Бәрі - сен.

Сенің әр түрлі қалыптарың.”

“Күте тұр, мен…

… бәрімін?”

“Сен енді түсіндің.”

“Мен жер шарында өмір сүрген барлық адаммын ба?”

“Немесе енді өмір сүретін. Иә.”

“Мен Авраам Линкольнмін бе?”

“Және Джон Уилкс Бутсың да.”

“Мен Гитлермін бе?”

… дедің шошынып.

“Және ол өлтірген миллиондаған адамсың.”

“Мен Исамын ба?”

“Және оның ізінен ерген әрбір адамсың.”

Сен үндемей қалдың.

“Сен біреуге зақым келтірген сайын,

… сен өз-өзіңіе зақым келтірдің.

Сен біреуге жақсылық жасаған кезде,

… өзіңе жасадың.

Бұрын-соңды кез келген адамның басынан өткен әр бақытты да қайғылы сәт

… сенің басыңнан өтті.”

Сен ұзақ ойландың.

“Неге?

Мұның бәрі не үшін?”

“Себебі бір күні сен мен секілді боласың.

Себебі бұл сенсің.

Сен маған ұқсассың. Сен менің баламсың!”

“Уау!” - дедің таң қалып.

“Мен Құдаймын ба?”

“Жоқ, әзірге жоқ. Сен ұрықсың,

Әлі жетілудесің.

Әлемдегі барлық адамның өмірін сүріп шыққан кезде,

… сен дайын боласың.”

“Сонымен, бүкіл ғалам…

Бұл жай ғана… "

“Жұмыртқа!” - деп жауап бердім.

“Ал, енді сенің келесі өміріңе баратын уақыт келді.”

деп мен сені шығарып салдым.

Аударған: Әбілез Алмат Арнайы {wakeupkazak үшін