Тек болу. | Kurzgesagt

🎁Amazon Prime 📖Kindle Unlimited 🎧Audible Plus 🎵Amazon Music Unlimited 🌿iHerb 💰Binance

Видео

Транскрипт

Кез-келген адам өзін-өзі жалғыз сезінеді.

Түскі асқа отыратын адамымыз болмаған кезде,

біз жаңа қалаға көшкенде,

немесе демалыс күндері бізбен уақыт өткізетін ешкім болмаған кезде.

Бірақ онжылдықтарда бұл сезім миллиондаған адамдар үшін созылмалы болып келді.

Ұлыбританияда 18-ден 34 жас аралығындағылардың 60% -ы өзін жалғыз сезінетінін айтқан.

АҚШ-та халықтың 46% - ы үнемі өзін жалғыз сезінеді.

Біз адамзат тарихындағы байланыстың ең дамыған уақытта өмір сүріп жатырмыз.

Сонда да мұнша жалғыз сезіну көрсеткіші бұрын-соңды болмаған.

Жалғыз болу және жалғыз сезіну - бірдей нәрсе емес.

Жалғыз болғанда өзіңізді бақытты сезініп, достарыңызбен болған әр секундты жек көруіңіз мүмкін.

Жалғыздық - бұл тек субъективті, жеке тәжірибе.

Егер сіз өзіңізді жалғыз сезінсеңіз, сіз жалғызсыз.

Кең таралған стереотип жалғыздық адамдармен сөйлесуді білмейтін,

немесе айналада өзін қалай ұстауды білмейтін адамдарда болады деп ойлау.

Бірақ көпшілікке негізделген зерттеулер адамдардың әлеуметтік байланыстарына қарым-қатынас жасау қабілеті әсер етпейтінін көрсетті.

Жалғыздық әр адамға әсер етуі мүмкін: ақша, атақ, күш, сұлулық, әлеуметтік дағдылар, керемет мінез-құлқыңыз;

Сізді жалғыздықтан ештеңе қорғай алмайды, себебі бұл тәніңіздің бір бөлігі.

Жалғыздық деген не?

Жалғыздық - бұл дене функциясы, аштық сияқты.

Аштық физикалық керектілігіңізге назар аударуға мәжбүр етеді.

Жалғыздық әлеуметтік қажеттіліктеріңізге назар аударуға мәжбүр етеді.

Денеңіз әлеуметтік қажеттіліктеріңізге назар аударады, өйткені миллиондаған жылдар бұрын бұл өмір сүру мүмкіндігіңіздің басты көрсеткіші болды.

Табиғи сұрыптау ынтымақтастық пен бір-бірімен байланыс орналастырғандар жағында болды.

Біздің миымыз үлкейіп, басқалардың ойлары мен сезімдерін түсіну жетілді,

әлеуметтік байланыстарды қалыптастыруды қолдады.

Барқалармен байланыта болу біздің тәніміздің бір бөлігіне айналды.

Сіз 50-ден 150 адамнан тұратын топта дүниеге келіп, солармен негізінен бүкіл өмірін өткізесіз.

Жеткілікті калория тұтыну, қауіпсіз әрі жылы жерде болу немесе бала бағу жалғыз мүмкін емес еді.

Бірге болу аман қалуды білдірді.

Ал жалғыз қалу өлімді білдірді.

Сондықтан басқалармен тіл табысу өте маңызды болды.

Ата-бабаларыңызға төнген қауіп арыстандарға жем болу емес,

керісінше тобырыңыздың әлеуметтік ауа-райы мен топтан алшақтау еді.

Бұған жол бермеу үшін денеңіз «әлеуметтік ауруды» ойластырды.

Мұндай ауырсыну қабылдамауларға эволюциялық бейімделу болды:

ертерек дабыл қағу арқылы сіздің басқалардан бөлініп қалатын әдеттеріңізді тастауға шақырды.

Ата-бабаларыңыз қабылдамауларды неғұрлым ауыр сезінсе, бөлініп қалғанда соғұрлым тез әдеттерін жөндеді.

осылай істегендер ру мүшесі болып қалды, оқшауланғандар көбінесі қайтыс болды.

Сондықтан оқшаулану қатты мазалады.

Сол себептен де жалғыздық соншалықты ауыр.

Бізді байланыстыратын бұл тетіктер біздің көптеген уақыттар бойы өте жақсы жұмыс жасады,

адамдар өздеріне жаңа әлем құра бастағанға дейін.

Жаңа әлемнің кемшіліктері

Бүгін көріп отырған жалғыздық эпидемиясы негізінде тек Ренессанстың соңғы кезеңінде басталды.

Батыс мәдениеті адамдарға жеке тұлға ретінде қарай бастады.

Зиялы қауым орта ғасырлардағы ұжымшылдықтан алыстады, ал жас протестанттық теология жеке жауапкершілікті шұқып көрсетті.

Бұл үрдіс Индустриалды революция кезінде жеделдеді.

Адамдар зауыттарға кіру үшін ауылдары мен далаларын тастап кетті.

Жүздеген жылдар бойы өмір сүрген қауымдастықтар тарала бастады, ал қалалар өсті.

Біздің әлем жаңарған сайын, бұл тенденция барған сайын үдеді.

Біз жаңа жұмыс, махаббат пен білім алу үшін үлкен қашықтықтарды жүріп өтіп, өз әлеуметтік ортамызды артта қалдырамыз.

Бұрынғығы қарағанда адамдармен аз араласып, аз кездесеміз.

АҚШ-та жақын достардың орташа саны 1985 жылғы 3-тен 2011 жылы 2-ге дейін төмендеді.

Көптеген адамдар жалғыздықтың созылмалы жағдайына қалай түскенін сезбей қалады. Үлкейген сайын қарбалас жұмыс,

университет, романс, балалар және Netflix қосылады. Уақыт жеткіліксіз.

Ал ол үшін достарымызбен болатын уақытты құрбан ету ең оңай шешім болмақ.

Бір күні оянып өзіңіздің оқшауланып қалғаныңызды сезінгенге дейін жалғасады;

сіз жақын қарым-қатынаста болуды армандайсыз.

Ересектер үшін жақын байланыс табу қиын, сондықтан жалғыздық созылмалы болып кетеді.

Адамдар iPhone мен ғарыш кемесі сияқты заттарға жақсы көзқараста,

біздің денеміз бен ақыл-ойымыз әлі де 50 000 жыл бұрынғыдай.

Біздің тәніміз бір-бірімен бірге болуды әлі қалайды.

Жалғызыдық қалай әлсіретеді?

Ірі ауқымды зерттеулер көрсеткендей, созылмалы жалғыздықтан туындайтын стресс

біздің адам ретінде сезінетін ең зиянды заттар қатарына жатады.

Бұл сізді тезірек қартайтады, қатерлі ісікті өлімге әкеледі,

Альцгеймерді тездетіп, иммундық жүйеңізді әлсіретеді.

Жалғыздық семіздікпен салыстырғанда екі есе қауіпті, күніне бір қорап темекі шегу сияқты қауіпті.

Ең қауіптісі ол созылмалы болғаннан кейін өздігінен дами береді.

Физикалық және әлеуметтік ауырсыну миыңыздағы механизмдерді қолданады. Екеуі де қауіпті болып сезінеді,

осылайша, әлеуметтік ауырсыну сізге зиян келтірген кезде дереу қорғаныс әрекетіне шақырады .

Жалғыздық созылмалы болғанда, сіздің миыңыз өзін-өзі сақтау жағдайына өтеді.

Ол барлық жерде қауіп пен дұшпандылықты көре бастайды.

Бұл ғана емес.

Кейбір зерттеулер көрсеткендей, сіз жалғыз болсаңыз, сіздің миыңыз тез қабылдап және әлеуметтік сигналдар береді,

сонымен қатар заттарды дұрыс түсінуі нашарлайды.

Сіз басқаларға көбірек көңіл бөлесіз

бірақ сіз оларды азырақ түсінесіз.

Сіздің миыңыздың түрлерді танитын бөлігі толық ажырата алмайды

қарапайым беттерді жау қатарына қосып, басқаларды сенімсіз көрсетеді.

Жалғыздық басқалардың сізге деген ниеті туралы өзіңізді нашар сезінуге мәжбүр етеді.

Осындай жауыз әлемнің әсерінен сіз өзіңізді қорғау үшін өзімшіл бола бастайсыз,

ол сізді басқаларға суық, қырын қабақ

және әлеусеттік өзгеше етіп көрсетеді.

Біз бұдан құтылу үшін не істей аламыз?

Егер жалғыздық сіздің өміріңіздің үлкен бөлігіне айналса,

сіз жасай алатын бірінші нәрсе өзіңізді құрбан еткен қатал жағдайды тануға тырысу.

Әдетте келесідей болады:

Оқшауланудың алғашқы сезімі назарыңызды аудартатын шиеленіс пен қайғы-қасіретке әкеледі,

атап айтсақ басқалармен өзара әрекеттесу кезінде жаман әсер береді.

Бұл сіздің өзіңізге және басқаларға деген ойларыңыздыжағымсыз етеді,

осылайшы мінез-құлқыңызды өзгертеді.

Сіз қоғамнан алшақтау арқылы өзіңізде оқшаулану сезімін қалыптастырасыз.

Бұл цикл күшейе түседі әрі мұндай жағдайларды болдырмау қиынға соға бастайды.

Жалғыздық сізді сыныптағылардан алыс отыруға мәжбүр етеді,

достар қоңырау шалғанда телефонға жауап бермеу, шақырудан бас тартуға әкеледі

тек ешкім шақыруын тоқтатуына дейін.

Әрқайсымыздың өзіміздің әңгімеміз бар, егер сіздің әңгімеңіз адамдардың сізден алшақтатуы болса,

басқалары солай істейді, сондықтан сыртқы әлем өзіңіз сезінетін қалыпқа айналуы мүмкін.

Көбінесе бұл баяу жүретін үрдіс, бірнеше жылдар қажет,

сіз қаламасаңыз да жабығу мен басқалармен байланысты қаламайтын жағдайға әкелуі мүмкін.

Одан құтылу үшін бірінші жалғыздықтың қалыпты жағдай екенін, ұялатын ештеңе жоқтығын түсіну.

Шынында, бәрі өмірінің бір бөлігінде өзін жалғыз сезінеді, бұл жалпы адамдардан келген тәжірибе.

Ғажайып түрде өздігінен кетіп қалмаса өміріңізден алып тастап немесе емемей қоя алмайсыз,

бірақ сіз оны қабылдау арқылы одан құтыла аласыз.

Өзіңіздің назарыңыздың қалай бағытталғанын, жағымысыз заттарға көбірек уақыт бөліп жатпағаныңызды тексеріп көруіңізге болады.

Әріптесімен қарым-қатынас шынымен жағымсыз болды ма, немесе ол шынымен әдеттегідей ме, әлде керемет пе?

Қарым-қатынастың нақты мазмұны қандай болды?

Басқа адам не деп айтты?

Олар жаман сөз айтты ма, әлде олардың сөздерін әсірелеп алған боларсыз?

Мүмкін басқа адам шынымен жағымысыз болмаған шығар, тек уақыты болмаған болу керек.

Енді сізді қоршаған әлем туралы ойларыңыз туралы ойлайық. Сіз басқалардың ниеті жаман деп ойлайсыз ба?

Сіз айналадағылармен араласып, олармен уақытты қалай өткізетініңізді ойлап қойдыңыз ба?

Басқалар сізді айналасында болуыңызды қаламайды деп ойлайсыз ба?

Сіз өзіңізді жарақаттаудан қорқып, ашылуды жоғалтудасыз ба?

Егер олай болса, сіз осы күман арқылы басқаларға пайда бересіз бе?

Олар сізге қарсы емес шығар деп ойлап көре аласыз ба?

Сіз ашық-жарқын болу мен мейірім қажет етуіңізді қайтадан жоғалтып алудан қорықпайсыз ба?

Ең соңында, сіздің мінез-құлқыңыз туралы.

Сіз басқалардың жанында болу мүмкіндігінен барынша қашқақтайсыз ба? Шақырулардан бас тартуға сылтау іздейсіз бе?

Немесе сіз алдын-ала қорғау үшін басқаларды алшақтатып жатырсыз ба?

Сізге шабуыл жасалғандай әрекет етесіз бе?

Сіз шынымен жаңа байланыс іздеудесіз бе, немесе өзіңіздің жағдайыңызға көңіліңіз толды ма?

Әрине, әр адам мен оның қазіргі жағдайы ерекше және әр түрлі,

тек өзін-өзі тану жеткіліксіз болуы мүмкін.

Егер сіз өзіңіздің жағдайыңызды өз бетіңізбен шеше алмайтындығыңызды сезсеңіз,

хабарласып, кәсіби көмек алуға тырысыңыз. Бұл әлсіздік емес, батылдықтың белгісі.

Алайда, біз жалғыздықты жеке адамның өз шаруасы ретінде, әрі оны шешу үшін жаңа тәсілдер керек деп қарастырамыз

бірақ бұл көбірек назар аударуға тұрарлық нәрсе.

Адамдар таңқаларлық ештеңе жоқ әлемді құрды,

ешқандай жарқын сәттері жоқ бұл әлем біздің биологиялық қажеттілігімізді қанағаттандыра алады.

Жануарлардың көпшілігі өздеріне қажет нәрсені табиғи ортасынан алады. Біз бір-бірімізден өз керегімізді аламыз,

және осыыған ұқсата отырып жасанды әлемі құрастыруымыз керек.

Бірге бір нәрсені байқап көрейік: бүгін біреуге хабарласайық,

өзіңізді жалғыз сезінсеңіз де, немесе сіз біреудің күнін жақсартқыңыз келсе.

Мүмкін сіз біраз уақыт сөйлеспеген досыңызбен хабарласарсыз.

Өзіңізден алыстап бара жатқан отбасы мүшесіне қоңырау шалыңыз.

Жұмыстаға досығызды кофеге шақырыңыз,

Немесе D&D іс-шаралары немесе спорт клубы сияқты баруға тым қорқатын немесе ерінетін жерлерге барыңыз.

Барлық адам әр түрлі, сондықтан сіз өзіңізге сай келетін нәрсені білесіз.

Мүмкін одан ештеңе шықпаса да барлығы дұрыс. Бұлай жасағанда ештеңе күтпеңіз.

Сіздің мақсатыңыз ашылу ғана,

қарым-қатынас бұлшықеттерін жаттықтыру, уақыт өте келе олар күшейе бастайды,

немесе басқаларға осылай істеуге көмектесіңіз.

Біз осы видеоны зерттеу кезінде оқыған екі кітапты сіздерге ұсынғымыз келеді.

Гай Винчтің «Эмоционалды алғашқы көмек»,

қарастырылған тақырыптардың ішінде қалай жалғыздықпен өзімізге пайдалы әрі тиімді жолмен күресуімізге болатыны туралы айтылған,

және Джон Кейсио мен Уильям Патриктің «Жалғыздық: адам табиғаты және әлеуметтік байланыстың қажеттілігі».

Не үшін жалғыздықты сезінетініміз туралы биологиялық және ғылыми қызықты зерттеу,

ол қоғамда қалай таралады және ғылым одан құтылуға болатын жолдар туралы не дейді.

Екі кітапқа арналған сілтемелер видео сипаттамасында бар.

Көргеніңіз үшін рахмет. Бізге жазылуды ұмытпаңыз!